Ақымағым
Сүп-сүйкімді сезімім құйыста қал,
Сенің кеудең жып-жылы пейіш шығар.
Ондай тылсым тек қана жұмақта бар,
Шаштарыңнан жұпарлы иіс шығар.
Өмірімді өрнектеп боятатын,
Жігітінің бар жаман жояды атын.
Жаратқанға,шүкірлік етіп қоям,
Таң атқанда,ғашық қып оятатын.
Жүретұғын мен үшін алаңдасып,
Бақыт құсы барса екен сағанда ұшып.
Махаббат патшасының ханшайымы,
Көздеріңе ғашықпын, маған ғашық.
Бір арман мойындаймын бұным анық,
Жұп-жұмсақ тілегімді ұғыналық.
Жұмақта жүргендей жүре берсем,
Жүрегіңнің ішіне кіріп алып.
Келеді жаныңда күлімдеп жүре бергім,
Сені сонша сүйерімді білер ме едің.
Мен өзіңді бір сәтте құшақтап ап,
Мүсін болып қалуды тілер едім.
Сезіндіріп шыңдады күшіңді Алла,
Ізің өше қоймайды ісің барда.
Саған деген махаббат күшті боп тұр,
Мұхиттың түбіндегі қысымнан да.
Жаным деп сөйлегенді қалайды үнім,
Сен десе сиіледі-ау талай мұңым.
Жүрегімнің тас қамал патшалығын,
Жымиып-ақ жауладың арайлымым.
Махаббат болмайды үлгі өлшем,
Сені білмей қалмаймын бірді білсем.
Сені көріп тұрғандай күйді кешем,
Жұпар шашып жайқалған ГҮЛДІ көрсем.
Енді осы болады жақын әнім,
Бар ісіңді бағдарлап бақыладым.
Мені сонша өлердей сүйе тұғын,
Сені жақсы көремін, АҚЫМАҒЫМ