Көзіңнің қарасына ғашықпын, Бір көріп,мың көруге асықтым. Телмірген тұл жүректің жанын қинап, Бойдағы бар қанымды тасыттың. Көзіңнің қарасына ғашықпын, Абайламай жүрегімді жасыттың. Басқаға келгенімде қайраттымын, Сезімге келе қалсам жасықпын. Көзіңнің қарасын мен аңсап тұрам, Сезімнен сылтау тауып,шаршап тұрам. Өзгелер өз жүрегін бере алмайды, Қолыммен жан жағыңнан қоршап тұрам. Көзіңнің қарағанын қия алмаймын, Тасжүрекпін,білмеймін,сүйе алмаймын. Осылай сезбеу үшін жалғыздықты, Осылай өзің жайлы қиялдаймын. Көзіңнің қарағаны ерек маған, Әрқашан жайнағаны керек маған. Ғашық боп қалғанмын ау десем дағы, Сүйе алмайтын шығар деп себеп табам. Осылай қарағаның қымбат маған, Жанмын ғой жүрек сөзін жұмбақтаған, Ештеңе ойламайтын алаңсыз, Сәби болғым келеді құндақтаған. Көзіңнің қарағанын көрмес едім, Осылай ойдан өлең термес едім. Сәби болсам абайсызда егерде, Қиялдың құшағына ермес едім. Көзіңнің қарасына ғашықпын, Абайсыз сезім гүлін басыппын. Өзіңді көзбен көре алмасам да, Өлеңмен қиялдауға машықпын.

Теги:

Теги других блогов: