Қазіргі жігітіңе хат...
Қадірін білгін, қадірсіз болма,
Бағалай алсаң , бақытың қолда.
Көңілсіз жүрер сәттері жиі,
Жынданба текке, сезімді сыйла.
Қызыл гүл сыйла,қызылға құмар,
Күлімдеп әркез, жаныңда тұрар.
Бақытты қылғың келсе егер оны,
Басқа қыздарды есіңнен шығар.
Қызыл гүл сыйла, басқа түс емес,
Ұнатпайды ол, ұрысу егес.
Жынына тиме, басқаны мақтап,
Шын сүйер жанға, ондай тән емес.
...Ашуы жаман, болаттай құрыш,
Сол сәтте "досым", үндеме тыныш.
Тыныштық сақта, ашуы кетер,
Тәп-тәтті тілі,ұрысса – қылыш...
Жүрегі нәзік, жылауға дайын,
Жылатпа бірақ!, ол сенің айың.
Қарындасыңдай қамқорлық таныт,
Жасап жүр, әркез, оның жағдайын.
Сүйемін десе , кетпе есіріп,
Сезімін оның, алма өшіріп.
Мазасын алып, звондай берме,
Кездесулерге келсе кешігіп.
Шулы жерлерге ,апарма оны,
Ұнатпайды ол, ондайды мүлде.
Звондай берме,"смс" жазып,
Ұйықтасын тыныш,мақпалдай түнде.
Еркелет оны, соған ол лайық,
Күлімдеп қарсы ал,құшақты жайып.
Кездесуге де кешігіп келет,
Сабырды сақта, тақпа сен айып.
Ақ аю сыйла, ақ аю досы,
Айтарым саған әзірге осы.
Мен сүйген сұлу ,сенің қасыңда,
Онымен бірге мәңгілік болшы.
Сезімді сұлу жырмен жалғадым
Өзіңмен өмір сүру еді арманым
Амандығыңды тілегеніммен
Бақытты саған тілей алмадым
Кешіріп қойшы...
Тілей алмадым...