Ол- махаббат
Ойламаған уақытта келетұғын
Өміріңе рұқсатсыз енетұғын.
Содан соң көңіліңді баурап алып,
Жүрегіңе шап беріп төнетұғын.
Əр күні мұң не шаттық себетұғын
Əйтеуір бір бақытқа сенетұғын.
Байқатпай түн ұйқыңды ұрлап алып,
Орнына сағынышты беретұғын.
ОЛ- МАХАББАТ!
Ешкімнің көңіліне қарамайтын,
Қалағанынша жаныңды жаралайтын.
Кейде барлық орындап арманыңды,
Жүректегі сезімді бағалайтын.
Кейде аяқ асты кеп сабалайтын,
Өте ауыр сөздермен табалайтын.
Адамдар оған қанша ренжіседе,
Бəрібір құнды көріп бағалайтын.
ОЛ- МАХАББАТ!
Дананы пақырлыққа сүйрелейтін,
Күйрететін адамды күйремейтін.
Жүрегіне кіріп ап сүйгізетін
Адамдарды "ешкімді сүйме"- дейтін.
Əр ойыңды асықпай түймелейтін
Жағымпаз боп "сүйсеңде, күйме"- дейтін
Осылай шыбын сынды ызың қағып,
Жүрегіңнің түбіне үймелейтін.
ОЛ- МАХАББАТ!
Жан- тəніңде алаңсыз тағын құрған,
Еркіңді ап сүйдірген, сағындырған.
Кей бақытты жандарға нəрін беріп,
Кей бейшара жандардың сағын жұлған.
Өзгертіп жіберетін бəрін жылдам
Сұп- суық жүректерді жалын қылған.
Еркінен тыс адамды баурап алып,
Нəпсісімен рухын бағындырған.
ОЛ- МАХАББАТ!