Таба алмай тыныштықтың сан базарын Арайыңнан адасып қалды ажарым Менімен сырласпайды қазір ешкім Сондықтан таңға дейін ән жазамын. Ұнатсаң өзге жанды азап екен, Бар өмірің алдында мазақ екен. Шын сүйсең жан баласын керемет қой Сүймей жүрсең одан да ғажап екен. Жоғалып бара жатқан уақытым ай Бақ болып орнап едің бақытым қай? Бұл таңда барлығының сүйгені бар Өкініп өтіп жатқан уақытым ай. Тағдырдың тәлкегімен белдестік қой Өнегелі, тәрбиелі елде өстік қой. Сүйгенің саған әлі кездеспепті Біз бірақ бұл өмірде кездестік қой. Бақыт келмес басыңнан өтпей бір сын Бақытыңнан біртабан шеттей жүрсін. Мен өзіңе жете алмай жүрмін қазір Мен секілді сенде оған жетпей жүрсін. Арманым биіктерден асық болып Жүрегім мұздап барат жасып-толып. Мен ақын бұл өмірде сорлы болған Біреудің ғашығына ғашық болып Өмірдің маған деген сыйы мекен? Сағынышты ішіме жиып өтем. Жай қыздармен қоштасқан оңай еді Сүйгеніңмен қоштасқан қиын екен. Білмедім мұңды өлең жазарымды Ұнатқан, ардақтай біл ғажабыңды. Мен айттым сен бақытты боласың деп Төмен қарай түсірме ажарыңды. Мен енді ойларыммен достасамын Осы жерден ұмытып тоқтасамын. Екі рет мен мұңайып қош бол дегем Үшінші рет күліп мен қоштасамын. Жұбатып тұрғандай ма әлем мені? Тарихым жан жарамды сәл емдеді. Шын сүйсең қосылмайсың деген сөзді Тағдырым тағы бір рет дәлелдеді.

Теги:

Теги других блогов: